
Сапа үйірмелері Жапонияда 1950 жылдары өнеркәсіп кәсіпорындарында пайда болды олар бастапқыда «сапаны басқару әдістерін зерттеу бойынша цехтық топтар» деп атанды.
Кейіннен «Шеберлерге арналған сапаны басқару» журналының редакциялық кеңесі оларды «сапа үйірмелері» деп атады.
Алайда сапаны бақылау үйірмелер қызмет нәтижелері тек қана экономикалық әсермен шектелмейді.
Сонымен қатар қызметкерлердің өз жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыруды белсендіруге және жетілдіру бойынша ықпал ететін жанама әсер әлдеқайда маңызды.
Таяуда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Жапон үйірмесінің» отырысы өтті. Шара барысында мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдер қөбейту бойынша ұсыныстар және жұмыстың тиімділігіне әсер ететін мәселелер талқыланды.