Date of publication: 07.04.2015 12:33
Date of changing: 07.04.2015 12:38

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасының жолдауын қолдап отырып, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мен бірлесе, «Жастар-Отанға!» жобасын орындау мақсатында  халық және жастар арасында салық Заңнамасын тәжірибеде қолдану бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізуде.

Берілген жұмысты жүргізу алаңы үшін, халық көп шоғырланатын Көкшетау қаласындағы  орталық базар таңдалды (АО «Орталық базар»).

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен қатар «Кеңес орталығы» консалтингтік орталықта  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы Ақмола облысының Көкшетау қаласы бойынша филиалы, «Көкшетау қаласының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыс пен қамту бөлімі» ММ-і, «Кәсіпкерлік даму қоры» АҚ-ы және «Көкшетау қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы» бірлесе қатысуда.

Жоба айнасында білім, жұмыс пен қамту, тұрғын үй мен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар және де бағдарламалар жайлы жастарды ақпараттандыру қарастырылуда.

«Осы жұмыс халықтың салықтық мәдениеттілігін және мемлекеттік, қоғамдық мемекелерге сенімін арттырады» деп Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Назгуль Аюпова атап өтті.

Сонымен қатар, салықтөлеушілердің мәдениетін көтеру және халықтың салық сауаттылықты дамыту және кенейту мақсатында әр аптаның төртінші күні жалпы барлық мемлекеттік кірістер басқармасында кәсіпкерлікті жаңадан бастап жатқан тұлғаларға Біріңғай күн кеңесін өткізіліп отыр.

          Біріңғай күні шеңберінде аумақтардағы салалық мамандарымен барлық қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріледі және аяқталғаннан кейін салық төлеушілердің арасында арнайы дайындалған жадынамалар мен буклеттер таратылады.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары бюджеттің кіріс бөлігін толтыруға кәдімгідей әсерін тигізетінін атап кету қажет, яғни салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер уақытында және толық көлемде бюджетке түсу үшін, халық салық және төлемдерді төлеу аясындағы заңнамалар туралы жақсы хабардар болуы керек.