Date of publication: 08.04.2015 17:50
Date of changing: 08.04.2015 17:52

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал» науқанының басталғаны туралы хабарлайды. Аталған науқанҚазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті өткізіп жатқан жалпы республикалық іс-шара болып табылады.  Науқан2015 жылдың1 сәуірінен бастап 30 қарашасына дейінжүргізіледі.

Науқанның негізгі мақсаттары:

- азаматтық белсенділікті арттыру жәнехалықтың салықтық сауаттылығын дамыту;

- халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізу кезінде бақылау-кассалық машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;

- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу;

- бақылау-кассалық машиналарын қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы салық төлеушілер мен қоғамды ақпараттандыру;

- бақылау-кассалық машиналарын қолдану арқылы Қазақстанның салық төлеушілері арасындағы салық тәртібін көтеру есебінен бюджеттерге салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту;

- көлеңкелік экономиканың мөлшерін қысқарту;

- кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру.

Толық ақпаратты Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістердің аумақтық басқармаларында біле аласыздар.

Науқанның ең белсенді қатысушысы болыңыз!