Date of publication: 09.04.2015 10:50
Date of changing: 09.04.2015 10:54

П

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Көкшетау қаласында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Михаил Степанович Николаев пен Мағауин Шәміл Мағауияұлына мерекемен құттықтап қаржылай көмек көрсетті.

Біз сізге өте ризамыз – дейді Мәскеу шайқасының қатысушысы Шәміл Мағауин – Ұлы Жеңіс еліміздегі ең басты мереке болып табылады. Майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмасын..

Ардагерлердің қатары жыл сайын сиреп келеді, олардың өмірлері кейінгі  ұрпақ үшін үлкен өнеге.

Бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін сезініп, бағалай білейік.

 

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті