Date of publication: 25.08.2022 17:11
Date of changing: 25.08.2022 17:13

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына Берешектермен жұмыс басқармасының  бас маманы Маржан Шәпиеваны шығарып салу рәсімі өтті.

Маржан Қызыләскерқызы 1993 жылдан бастап салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды. Ол жұмысын Жарқайын ауданы бойынша Салық комитетінің маманы лауазымынан бастады.

2003 жылдан бастап Ақмола облысы бойынша Салық комитетіне ауыстырылды.

Өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетті.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Құрметті Маржан Қызыләскерқызы!

Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!

Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің ұжымы