Date of publication: 05.09.2022 14:34
Date of changing: 05.09.2022 14:34

АҢДАТПА!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тікелей эфирі: «Бірыңғай терезе» АЖ арқылы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу».
2022 жылғы 05 қыркүйекте сағат 15:00-де ҚР ҚМ МКК YouTube арнасында тікелей эфирде (kgd.gov.kz) «Бірыңғай терезе» АЖ арқылы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» тақырыбында вебинар өтеді.
Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК Бақылау департаменті Кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы Тұрлыбеков Олжас Мұхтарбекұлы сөз сөйлейді.
Спикер «Бірыңғай терезе» АЖ арқылы кеден өкілдерінің тізіліміне мемлекеттік қызмет көрсетудің қағаз форматынан электрондық форматка ауысуы туралы айтып береді.
Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz