Date of publication: 05.09.2022 17:20
Date of changing: 05.09.2022 17:21

Сыртқы экономикалық қыхметке қатысушылардың назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «уәкілетті экономикалық операторлар» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйеде өзін-өзі тіркеу жөніндегі нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған http://eokno.gov.kz ("Онлайн оқыту" бөлімі). Кедендік тексеруді жүргізу күні туралы, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаларды жіберу үшін өзін-өзі тіркеу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша Ақмола облысы бойынша МКД КББ қызметкерінің Т.А.Ә. және телефон нөмірлері арқылы 72-28-90, Исимбаев К.Б. хабарласуға болады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің байланыс деректері 8 (7172) 71-70-70, zh.sekenov@kgd.gov.kz.