Date of publication: 20.09.2022 11:32
Date of changing: 20.09.2022 11:33

  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сауда орындарында, банктерде, әуежайларда және қоғамдық орындарда (асхана, кафе, мейрамхана, дәріхана, театр, кинотеатр және т.б.) бақылау-касса машинасы (бұдан әрі – БКМ) арқылы жасалынатын операцияларды жүргізу тілі жөнінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 170-бабына сәйкес уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) арқылы мемлекеттік тізілімді жүргізеді. Бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

   «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес БКМ Салық кодексінің 166-бабы 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс.

   Жоғарыда айтылғандардың негізінде, БКМ бақылау чектерін мемлекеттік тілде басып шығару мүмкіндігі қарастырылғандығын хабарлайды.