Date of publication: 18.11.2022 17:44
Date of changing: 22.11.2022 11:37

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.

Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Артық төлем» салымында салық төлеушінің қандай салықтар бойынша артық төлем жасалғаны және артық төлеммен қандай іс - әрекеттерді жүргізгісі келетіні - не басқа салықтарға  есепке жатқызатыны, не өзінің банктік шотына қайтаратыны көрсетіледі. Ол үшін шоттың деректемелерін, банкті және қайтару жүргізу үшін соманы көрсету қажет.

Есепке жатқызу және қайтару мерзімі 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылғанын.

Ақмола облысында 100 мыңнан астам салық төлеуші «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының белсенді пайдаланушылары болып табылады.