Date of publication: 05.01.2023 18:58
Date of changing: 05.01.2023 18:59
      Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»   Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру аясында жұмысты ұйымдастыру бойынша техникалық оқу өтті.
      Шараға Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты.

     Шара барысында оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Әлібек Ашуов рәсімдердің үш түрі – соттан тыс, сот  банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы айтып берді.

    Барлық түскен сұрақтарға толық  жауаптар берілді.