Date of publication: 15.03.2023 18:25
Date of changing: 15.03.2023 18:36
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Оқжетпес» шипажайы емдеу -сауықтыру кешенінің есепшілеріне семинар өткізді.
Шара барысында департаменттің бөлім басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2023 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жалпыға бірдей декларациялау, жалақыдан бір реттік төлем, бөлшек сауда салығы, дивидендтерге салық салу, тауарларға ілеспе шот-фактураларды беру, электронды шот-фактуралар, мониторингке жататын салық төлеушілерді әкімшілендіру мәселелері,  цифрлық майнинг және т.б. негізгі өзгерістерге тоқталды.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
 Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар беріліп, талқылау барысында мұндай кездесулерді апта сайын бейсенбі күндері бөлім қызметкерлерінің қатысуымен өткізу туралы шешім қабылданды.
«Оқжетпес» ЕСК-нің бас есепшісі Жанна Махметова атап өткендей, мұндай кездесулер өте пайдалы, өйткені салық заңнамасында көптеген жаңалықтар бар, оларды бізге білу өте манызды.