Date of publication: 27.04.2023 12:41
Date of changing: 27.04.2023 12:42
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне арналған «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Бұл шараның мақсаты жастар арасында салық және кедендік сауаттылығын енгізу және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерінің оң имиджін қалыптастыру болды.
Шара барысында студенттер Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Тенбай Сафиюллинұлы Ибраевпен кездесті, мемлекеттік кірістер органдарының мұражайымен, «Көкшетау- кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетімен, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қабылдау және өңдеу Орталығымен және басқада бөлімдерімен танысты, салық және кеден саласындағы қызметтерлерінің негізгі бағыттары түсіндірілді. 
Кадрлар бөлімінің бас мамандары Жәмиля Меңдібаева мен Валентина Еремина жұмысқа қабылдау шарттарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуымен және мемлекеттік қызметшілер сақтауы тиіс әдеп нормалармен таныстырды.

Балалар  экскурсия ұымдастырған үшін алғыстарын білдіріп, олардың кейбіреулері жоғары оқу бітіргеннен сон мемлекеттік кірістер органдарға жұмысқа кіруге ниет білдірді.

Оқушылардың арасында Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысы және жұмысқа қалай орналасу туралы кітапшалар таратылды және салықтық міндеттемелерді орындауға көмектесетін цифрлық өнімдер туралы бейнероликтер көрсетілді.