Date of publication: 15.12.2023 18:08
Date of changing: 15.12.2023 18:09

Көкшетауда Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі кеңесінің отырысы өтті.

Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. 

Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін келесі жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің аяқталуы, салықтық тексерулердің түрлері мен мерзімдері туралы хабардар етті.

Сонымен қатар 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға:  - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;   - жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс туралы хабарлады.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.

Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).

Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан). 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:

Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat , eGov mobile және Халық банкінің мобильді қосымшасы арқылы.тапсыруға болады.

     Толығырақ ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпы декларация» бөлімінде жарияланған. Сонымен қатар, Zoom конференциялары апта сайын сәрсенбіде департаменттің Instagram желісінде сұрақ-жауап форматында өткізіледі.

Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.