Date of publication: 23.01.2024 18:16
Date of changing: 23.01.2024 18:17
Ақмола облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында 2024 жылда Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістері туралы және Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңін түсіндіру бойынша семинар өтті.

       Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты. 

   Департаменттің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығының басқармасының басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, арнаулы салық режимінде (бөлшек сауда салығына) 2024 жылдан күшіне енетін басқа да  өзгерістермен таныстырды. 
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталды, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны:  - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;   - жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы кажет.

Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).

Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан). 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:

Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Аzamat, екінші деңгейдегі  банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

    Жалпыға бірдей декларациялауды нақтылау үшін бірыңғай республикалық 1414 платформасында Байланыс орталығы іске қосылды.

     Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.

 Сонымен қатар, апта сайын сәрсенбі және бейсенбіде департаменттің сұрақ-жауап форматында Zoom конференциялар өткізіледі.

       Іс-шараға бейнеконференцбайланыс арқылы кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалдары мен  бизнес өкілдері қатысты.
 Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді