Date of publication: 27.02.2024 17:59
Date of changing: 27.02.2024 18:01

Мемлекеттік кірістер органдары Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау, салықтық мәдениетін арттыру  – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының міндеттері.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда.

2023 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 605,8 млрд. теңге түсті, 2022 жылмен   салыстырғанда   276  млрд. теңгеге өсім байқалады бұл туралы Акмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы барысында хабарлады