Date of publication: 15.03.2024 18:20
Date of changing: 15.03.2024 18:22

Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы»  тақырыбы бойынша брифинг өтті.

Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  басқармасының  басшысы Тобыл Демесинов халықтың қарыздық ауыртпалығы бойынша проблемаларды шешу тетіктерінің бірі банкроттық рәсімдерін қолдану және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру болып табылады туралы атап өтті.

2023 жылғы 3 наурызда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Осы Заң рәсімдердің 3 түрін ұсынады:

  1. соттан тыс банкроттық;
  2. сот банкроттығы;
  3. төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Тәжірибе көрсеткендей, ең танымал рәсім – соттан тыс банкроттық.

Соттан тыс банкроттық тек банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге берешек бойынша қолданылуы мүмкін.

Соттан тыс банкроттықты қолдану үшін келесі шарттар жиынтықта сәйкес келуі керек:

1.берешек 1600 АЕК-тенаспауыкерек(5 520 млн.тенге);

2. борышкердің мүлікке жеке меншік құқығы болмауы;

3. арызберілгенкүнгеқатарынан он екі ай бойыөтеудіңболмауы;

4.борышкер берешекті сотқа дейінгі реттеуді жүзеге асыру;

5. арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің қолданылмау.

Азаматтар өтініштерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет порталы арқылы (eGov.kz.), сондай-ақ Е-salyq Аzamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы бере алады.

Ағымдағы жылдың 3 наурызынан бастап облыстық мемлекеттік кірістер органдарына соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін 2 944 өтініш келіп түскен.

Соттан тыс банкроттық туралы өтініштердің ең көп саны келесі мемлекеттік кірістер басқармаларына түсті:

-Көкшетау қаласы бойынша МКБ - 1032 (35%),

- Целиноград ауданы бойынша МКБ – 310 (10,5%),

- Степногорск қаласы бойынша МКБ – 239 (8%). 

Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 79% немесе 2321 өтініштері банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмейтіні анықталды.

Бас тартудың негізгі себептері 12 ай ішінде өтеудің болуы, мүліктің болуы, несие берушілермен берешекті реттеудің жоқтығы.

Нәтижесінде бүгінгі күні 428,4 миллион теңгеден астам берешегі бар 280 азамат банкрот деп танылған, оның ішінде ең көп банкроттардың үлесіне келсі МКБ-на тиеді:

-Көкшетау қаласы бойынша МКБ –95 борышкерлер бойынша (34%) 146,1 млн.тенге берешек сомасымен,

-Целиноград ауданы бойынша МКБ –42 борышкерлер бойынша (15%) 82,9 млн.тенге сомасымен,

-Степногорск қаласы бойынша МКБ –28 борышкерлер бойынша (10%) 29,6 млн.тенге сомасымен.

-Бурабай ауданы бойынша МКБ –26 борышкерлер бойынша (9%) 51,1 млн.тенге сомасымен.

         Ең көп сомамен Көкшетау қаласының тұрғыны банкрот деп танылды. Оның берешек сомасы 21 651 427 теңгені құрады.

Ең аз сома Целиноград ауданының тұрғыны өтініші бойынша 106 469 теңге, кредиттік бюроның мәліметі бойынша 30 566 теңге көрсеткен.

Ең үлкен жастағы банкрот 62-да, ең жас банкрот 20 жаста, банкрот деп танылғандардың орташа жасы – 43.

Статистика бойынша банкрот еркектер әйелдерге қарағанда көбірек, 58%-ды құрайды, әйелдер 42 % құрайды.

Әрине, банкроттыққа ұшырау барлық мәселені шешпейді.

Бұл соңғы шара, үмітсіз қарыздан құтылуға мүмкіндік беретін рәсімдердің белгілі салдары бар.

Банкроттықтың салдары:

1.Банктерден және микроқаржыұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады;

2. Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады;

3. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.

Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға  жауаптар берілді.