Date of publication: 19.03.2024 18:22
Date of changing: 19.03.2024 18:24

Наурыз мейрамы қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Әдебиет және өнер мұражайыға саяхат жасады.

Мұражай экспонаттары ұлттық мәдениетті, этнографиялық байырғы құндылықтарды, әдеби және мәдени өмірді сипаттайды.

Шара барысында олар Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабымен,  Ақан серінің адалбақанымен, оның сүйікті Ақтоқтаның «Singer» тігін машинасымен және айнасымен танысты.

Сондай-ақ қазақ ақындары мен әншілердің олардың ішінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Сәкен Жүнісов және басқа да Көкше жерінің өнер қайраткерлерінің жеке заттарын және қолжазбаларын көрді.

Сондай-ақ, көрме залының экспозициясына тамаша сай келетін көшпенділер өркениетінің жауһарына айналған ұлттық нақыштағы әсем киіз үйді де атап өтуге болады.