Date of publication: 09.04.2024 16:01
Date of changing: 09.04.2024 16:02

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы Түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының бас маманы Нұрлан Ысқақовты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

20 жылдан астам Нұрлан Темірханұлы қаржы жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, жауапты лауазымда жұмыс атқаруда.

Ол жұмысын Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау басқармасының бас маманы лауазымынан бастады.

Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Облыстық «Алтын қалам» байқауының «Үздік мемлекеттік органның баспасөз қызметі» номинациясы бойынша 3 дүркін жеңімпазы, «Мемлекеттік кірістер органдарының үздік PR-стратегиясы» байқауының жеңімпазы, ЕО/БҰҰДБ BOMCA бағдарламасының фотобайқауының  жеңімпазы.

Әріптесімізге зор денсаулық, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз.