Date of publication: 30.04.2024 12:59
Date of changing: 30.04.2024 13:01

            

Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың  бірінші тоқсанның қорытындысы шығарылды.

Департамент қызметінің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Ағымдағы жылдың  бірінші тоқсанда 246 мың  821   мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстырудың арқасында еңбек ресурстары оңтайландырылды, қағаз құжат айналымы, көрсетілетін қызметті алушылардың уақыты және қаржылық шығындары қысқарды, тікелей байланыстар азайтылды және нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайды.

Электрондық қызметтерді одан әрі дамыту үшін мемлекеттік кірістер органдарының сервистерін (қызметтерін) банктердің (Kaspi, Halyk bank, Bank Center Credit 39 салық есептілігі), цифрлық платформалардың бағдарламалық интерфейстеріне енгізе отырып, олармен өзара іс-қимылды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шара аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс форматында өтті.

Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.