Date of publication: 21.04.2017 15:39
Date of changing: 21.04.2017 15:59

«100 нақты қадам» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаның он бесінші қадамы іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырады.

Аттестациялау рәсімдерін өткізу мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшілердің шын әлеуетін анықтау мақсатын бағытталған аса маңызды шара.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аттестацияның соңғы кезеңі өтуде. Аттестациялық комиссиясына қалалық пен облыстық маслихаттарының депутаттары, мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері және басқада құзыретті тұлғалар енгізілген.

Тестілеу нәтижелері бойынша біздің қызметкерлер жақсы нәтиже көрсетті 212 қызметкер (55,9%)  «тиімді» деген баға алды, 165 (43,5%) —«өте жақсы», «қанағат» бағаны тек қана екі адам (0,5%)  алды.