Date of publication: 24.04.2017 10:54
Date of changing: 24.04.2017 10:57

Ақмола облысы бойынша көгалдандыру және абаттандыру айлығы басталды. Осыған байланысты 22 сәуір сенбі күні Көкшетауда жалпықалалық сенбілік өтті. Шараға төрт мыңнан  астам адам қатысты. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің қызметкерлері басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сияқты аумақты тазарту бойынша жыл сайынғы дәстүрлі  жалпы қалалық сеңбілікке қатысты. Департаментке бекетілген аумақ тазартылып, жаңа ағаштар отырғызылып және түбтері ағартылды, қыс бойы жиналған қоқыс шығарылды.  Сонымен қатар Қопа өзенінің жағысы жиналған қоқыстан тазартылды. Бұл шара осы сенбілікпен ғана шектеліп қалмайды. Облыс орталығындағы барлық мекеме мамырдың он жетісіне дейін әр аптаның  бейсенбісінде өздерінің аумақтарын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Патриоттық өз өлкесіне сүйіспеншіліктен басталады.