Date of publication: 19.07.2017 14:45
Date of changing: 19.07.2017 14:46

Акмола облысының аймақтық Орталық коммуникация қызметінде кеден және салық салаларындағы жаңалықтары, міндетті медициналық сақтандыру, қаржы пирамидаларға қарсы күрес  және басқа да мәселелер бойынша брифинг өткізілді.

«Астана1» пилоттық  жобасы және Көкшетау қаласында кедендік ресімдеу аймағын жасау туралы Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасы бастығынының міндетін атқарушы Кайрат Исимбаев баяндады.

 «Астана1» жобасын жасау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ сауда және дамыту бойынша Конференциясы (ЮНКТАД) арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Жоба міндеті кедендік саясат пен процедураны ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес оңтайландыру, электронды мағлұмдау жүйесін енгізу, экспорт пен импортқа қажетті құжаттардың саны мен оларды қарау уақытын азайтуға септесу, тәуекел мен кейінгі аудитті басқарудың озық әдістемесін енгізу.

«Астана1» ақпараттық жүйесін толық іске асыруы 2018 жылдың 1 қаңтарынан жоспарланған.

Ақмола облысында автоматтандырылған жүйелері бар салық және кедендік әкімшілендіруімен кедендік ресімдеу аймағын құру жоспарланып отыр.

Жүйе деректер базасына сәйкес декларанттарды тексереді, тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады, нақты уақыттағы кедендік транзитін интеграцияланған бақылаудан өткізеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа, контрабанда, контрафактілік және басқа құқықтарға қарсы әрекетке күрес атқарады.

Соңғы уақытта Қазақстанның жеке инвестициялар нарығында қаржылық пирамида белгісі бар ұйымдардың қызметі белсенді әрекет етуде –хабарлайды профилактикалық және бақылау басқармасының аға тергеуші-бас маманы Антонина Демян.

Қаржы пирамидасы – бұл тұрғындардың қаражаттарын қандай да бір инвестициялық жобаларға тарту, бірақ шын мәнісінде ешқандай инвестициялық қызмет жүзеге асырылмайды және жобаның алдыңғы қатысушыларына ақы төлеу, тек жаңа қатысушылардың қаржысын тарту есебінен ғана жүргізіледі.

Қаржы пирамидаларының қауіптілігі неде? Ерте ме кеш пе қаржы пирамидалары банкроттықа ұшырайды. Бұл жаңа клиенттердің ақшаларының бұрынғыларға пайыз төлеуге жетпеген уақытта болады.

Мұндай компаниялардың құруы аяқ астынан, сіз оның қай уақытта болатынын білмейсіз және өз ақшаңызды қайтарып ала алмайсыз.  Қаржы пирамидасы сіз ақшаңызды әкелген күннің ертесінде-ақ құруы мүмкін. Кейде жылдап қызмет етеді, бұл уақытта сіздің пайда көруіңіз де мүмкін, бірақ бұл тек сіздің соңыңыздан келген адамдардың есебінен ғана болады, айналып келгенде түбі банкроттыққа әкеп соғады.

Сонымен, егер сізге ақшаңызды төменде көрсетілген белгілердің тым құрығанда бірі бар компанияға салуды ұсынар болса, абай болыңыз, бұның қаржы пирамидасы болуы әбден мүмкін. 

-         Сату көлемімен байланыссыз төлемдер;

-         Үлкен пайыздар мен тез баюға уәде беретін жарнаманың болуы;

-         Сауатты сатушылар, уәдені үйіп төгетін презентациялар, әдемі сайттар, жарнамалық таратылымдар, бұлардың барлығы қатысушыларға қанша табыс табатындарын, олардың қандай жолы болғандықтары туралы айтып береді;

-         Адамдардың басым көпшілігіне таныс емес арнайы спецификалық терминдерді пайдалану - форекс, стокс, фьючерс, трейдинг және тағы басқалар;

-         қатысу үшін ақы  төлеу, бірақ ол көп адамдар үшін қол жетімді сома болып табылады, мысалы үшін 10-20 мың теңге.

-         Ұйымдастырушылар, құрылтайшылар туралы мәліметтерді жасыру. Егер басшылық туралы мәліметтер құпия болса, ал компанияның өзі қандай да бір аралда немесе офшорлық  аумақта тіркелген болса, онда қаражатты салмас бұрын әбден ойланып алған жөн. Офшорлық аумақта компанияны тіркеу жеңілдетілген тәртіпте өтеді, ал осы құрылымның соңында кімнің тұрғанын анықтау оңай шаруа емес. Сондықтан да компанияның құрылтай құжаттарын талап еткендеріңіз жөн.

-         өзіңнен басқа қосымша екі адамды тартқаны үшін сыйақы төлеу қаржылық пирамиданың нақты белгісі болып табылады.

Ақмола облысының аумағында инвестициялық пакеттер (портфельдер) жарнамалаумен  және сатумен айналысатын күмәнді фирмалар пайда болды, ол үшін әр апта және ай сайын белгілі бір табыс алады,  шамамен төмендегідей схема бойынша

пакеттерін түрлері:

White - 90 еуро айына 17.30% табысы

Yellow - 270 еуро айына 18,20% табысы

Green - 810 еуро айына 19,90% табысы

Blue - 2430 еуро айына 21,60% табысы

         Red - 7290 еуро айына 22,50% табысы

Black - 21870 еуро айына 26,00% табысы

Қысқаша айтқанда, уақытша бос ақша құралдарын тиісті қызметке уәкілетті мемлекеттік органнын лицензиясы бар қаржы мекемелерге орналастыру орынды екендігін  ескертеміз.

 Сонымен бірге, облыс тұрғындарын қаржы пирамидаларын құрып ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін, ол үшін мүлкін тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын ескерткіміз келеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы медициналық қызметтер төлеу департаментінің комитетінің бөлім басшысы  Әлди Кенжебаева атап өтті.

Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Назгүл Аюпова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды төлеу бойынша салықтық есеп нысандарында өзгерістер туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, мемлекетпен жарналар төленетін болғандықтан, дара кәсіпкерлердің жарналарын төлеуден босатылатын тұлғалар тізбесі Заңмен белгіленгенің хабарлаймыз.

 Осыған байланысты, 2017 жылға патент алған патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, ағымдағы жылдың 1 шілдесін қоса, МӘМС жарналарын 911.00 салық есептілік нысанында көрсетпеген жағдайда, қосымша патент бағасының есептерін тапсыру қажет.

Ағымдағы жылғы 1 мамырынан бастап  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының қолдауымен Мемлекеттік кірістер Комитеті «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясын өткізілуде.

Акция электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы  арқылы өткізіледі.

Бұл мобилді қосымша таза қазақстандық өнім болып табылады. Отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

 Іс-шара ағымдағы жылғы 1 мамыр мен 15 желтоқсан аралығында өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді.

   Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыс қалаларында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанында құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссиялар құрылды.

 Өткізілген іс-шара барысында брифинг қатысушаларынан түскен сұрақтарға толық жауап қайтарылды.