Date of publication: 29.11.2017 10:24
Date of changing: 29.11.2017 10:25

Жалтыр ауылдық округінде «Алтын дән» балабақшасында Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Салық төлегісі келмеген сараң Хасан туралы ертегі» атты кітабін таныстырды.

Кітапты ұсына отырып Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Майра Караулова, «салықтық мәдениет балалық кезде қалыптасады, сондықтан біз келе жатқан жас ұрпаққа көп көніл бөлеміз, сонымен қатар осындай акцияны мектептерде өткіздік»- деп айта өтті.

Таныстыру кезінде әр бір балақайға ертегілер таратылды. Мектепке дейінгі оқу орынының директоры Назгүл Төлегенова – «Салық қызметкерлердің біздің балақайларды ұмытпай, оларға түрлі-түсті қызықты кітаптарды дайындағандары өте жақсы, өйткені кішкентай кезіндегі алған көркем әсер қатты сақталады және көпке дейін есте қалады,  ал кейде барлық өмір бойы.»- деді. Осыған ұқсас акциялар облыстың басқада өңірлерінде өткізуі жоспарланады.