Date of publication: 24.04.2018 18:21
Date of changing: 24.04.2018 18:21

Көкшетауда барлық деңгейдегі әкімдер қатысуымен облыстық форумы өтті. Кіріспе сөзінде облыс Әкімі Мәлік Мырзалин ауылдық әкімдері халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік билік жүйесіндегі алғашқы байланыста олар ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және өмір сүру сапасын жақсарту үшін ерекше жауапкершілікке ие деп атап өтті.

Елімізде 2018 жылдың бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық манызы бар калалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудық дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде бекітілгені мәлім.

Біздің облысымыз бойынша 69 селолық округ бюджет саясатына еңгзіліп отыр.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев өз сөзінде аудандық бюджеттің атқарылуы үшін соның ішінде 4 деңгейдегі жергілікті өзін-өзі басқару қоры туралы, объектілерді салық салу толықтығы жергілікті басқару органдары және Мемлекеттік кірістер органдарымен бірлескен жұмыс атқару қажеттегі туралы айтты.

Мемлекеттік кірістер органдары мен қосымша қорыларды табу жұмысы тұрақты түрде жүргізулуде. Ағымдағы жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша жергілікті бюджетке қосымша 482,1 млн. теңге алынды.

Сонымен қатар, кейбір кәсіпкерлердің жағынан нақты кірістерін азайту  бойынша  деректер бар.

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады».

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар және Мемлекеттік кірістер органдары  түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.