Date of publication: 29.05.2018 12:38
Date of changing: 29.05.2018 12:39

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жақсы игі дәстүр бойынша Зеренді ауданының Қызыл таң ауылының мектебіне сапармен барып окушыларды Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап сыйлыктар табыс етті.

Дәстүр бойынша, қолдаушылар өз қамқоршыларымен бірге өміріндегі маңызды сәттерде болуға тырысады.

«Сандық Қазақстан» бағдарламасының  халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған негізгі бағыттарының біріне сүйеніп, олар балаларға он компьютер жиынтығын сыйға тартты.

Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев мектеп түлектерін оқу үдерісімен бітіруімен  құттықтап бірінғай ұлттық тестілерді жақсы өтуге ниет білдірді.

       Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік  кірістер  департаменті «Көкшетау-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Ирина Субботина түлектерге мемлекеттік  кірістер органдары туралы буклеттерді тапсырып, түлектерге ақ жол тіледі. Атап айтсақ Қызыл таң ауылының мектебінің түлегі Дәуренбек Жанбырбаев «кеден ісі» кәсіби білім алғаннан кейін, қазігі таңда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік  кірістер  департаментінде қызмет атқаруда.

Шара барысында үздік оқушылардың  және спортшылардың марапаттау рәсімі өтті.

Тауяда Петропавл қаласында өткен республикалық бокс турнирінде 9 сынып оқушысы Ерген Абушахман 70 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға ие болды.

Оқушылардың ата-аналарының атынан сөйлеген Шайза Баймағамбетова, қолдаушыларға мейірімділігі үшін алғыс білдіріп, Рамазан айындағы жақсы істерінің маңыздылығын атап өтті.