Date of publication: 22.06.2018 18:36
Date of changing: 22.06.2018 18:37

 «Көкшетау»  Мәдениет сарайында мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Шара барысында  жас мемлекеттік қызметшілерінің ант қабылдау ресімі  өтіп және  аймақ дамуына маңызды үлесін қосқан үшін түлғалар «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілерімен, Ақмола облысының Әкімі Мәлік Мұрзалин және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов алғыс хаттарымен  марапатталды.

     Көкшетау қаласы бойынша  Мемлекеттiк  кірістер басқармасының бас маманы Сабыржан Мұстафин Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментінің басшысының алғыс хатымен  марапатталды.

Осы мерекелік күні ант қабылдаған  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк кірістер департаментінің қызметкері Дина Ибраева қоғам мен мемлекеттің жоғары сенімін ақтау үшін бар күш-жігерін салады деп айтты.

Мемлекеттік қызметтің  ардагерлерге көп  алғыс сөздер айтылды .

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесі адам өмірінің барлық салаларына әсер етеді  дейді мемлекеттік қызметтің  ардагері Марат Күлмағамбетов- Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қызмет жеткілікті түрде өзгеріп, оның нәтижесі мемлекеттік аппарат құрылымыны және оның көрсететін қызметтерінің сапасы артты деп айтуға  болады.

Шара мерекелік концерттік бағдарламасымен аяқталды.