Date of publication: 14.09.2018 17:46
Date of changing: 14.09.2018 18:17

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қамқорлыққа алған Зеренді ауданының Қызыл таң ауылының мектебінің окушыларына экскурсияны ұйымдастырды.

        Олар  аймағындағы ірі тауар өңдіруші «Кокшетауминводы» акционерлік қоғамын  барып көрді.

«Кокшетауминводы» АҚ менеджеры Константин  Ласкажевский кәсіпорын

тарихы туралы әңгімелеп, оның өткен негізгі кезеңдерін атап өтті.

       Осы жылдар ішінде «Кокшетауминводы» АҚ  өнім сапасы үшін отандық және халықаралық деңгейде бір неше рет марапатталды.

       Табысқа жету үшін кәсіпорында қуатты ғылыми және өндірістік-техникалық база құрылды.

Қонақтар үлкен қызығушылықпен кәсіпорын мұражайындағы экспонаттармен танысты. Балалар алғашқы рет өз көздерімен минералды су шығару өндіріс процесін көруге мүмкіншілік алды.

Осындай акциялар балалардың  отан сүйгіштілігін, туған өлкеге махаббат сезімін қалыптастыруға зор ықпал етеді – дейді Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев - біздің шәкірттеріміз кейіннен өз қабілеттерін жүзеге асырып, аянбай еңбек етіп Мемлекетімізге және қоғамға пайда тигізеді деп сеніміз мол.