Date of publication: 02.10.2018 16:26
Date of changing: 02.10.2018 17:52

Келген қазан - қарттар мен мүгедектерге қолдау көрсету айлығы болып табылады сонымен қатар мейірімділік пен қайырымдылық бір-бірімен байланысты, олармен шынайы, таза адал жүрекпем адам ие болады, оның жүрегі адал ниеттестікті әр қарай жалғастырады. Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. 

Көкшетауда халықаралық қарттар күні қарсаңында, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жақсы дәстүр бойынша  ардагерлерін қалалық кафеге шақырды.

    Осыдан кейін, жомарт дастархан үстінде қарияларға зор денсаулық пен игі тілектер білдірілді.

Ұйымдастыру-қаржылық басқармасының басшысы Нағима Жаналина ардагерлерді мерекемен құттықтап оларға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейді.

Баян сүйемелдеуімен зейнеткерлермен бірге  «Құстар», «Ана туралы жыр», «Улица родная», «Надежда»   және тағы басқа да  танымал әндер шырқалды.

Ардагерлердің жүздерінде күлімсірегені көргенде осындай кездесулердің маңыздылығын жақсы түсінеге болады өйткені олардың кейбіреулері тіпті басқа аймақтардан да келіпті.

Іс-шара соңында естілік үшін фотосуреттер түсірілді.

Құрметті ардагерлер мерекелеріңіз құтты болсын!