Date of publication: 24.10.2018 17:53
Date of changing: 24.10.2018 17:55

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бейне конференцбайланыс арқылы  «Салық кодексіндегі жаңалықтар туралы» лекция өткізілді.

Шараның мақсаты - мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін салық салу саласындағы жаңа енгізілген өзгертулер бойынша түсініктеме беру арқылы  құзыретін арттыру, сондай-ақ проблемалық мәселелерін талқылау.

Тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер басқармаларының  қызметкерлері қатысты.

Түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина жеке тұлғаларының міндетті зейнетақы жарналары төлеу,  14 салық қызметін тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай алу мүмкіндігі туралы, бірыңғай жиынтық төлемі, 1 қазанынан бақылау-кассалық машиналарын он-лайн деректерді беру функциясы бар міндетті түрде  қолдану қызмет түрлерін кеңейтуі, қатысты және тағы да басқа сұрактарды егжей-тегжейлі атап өтті.

Іс-шара шеңберінде барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.