Date of publication: 02.11.2018 18:13
Date of changing: 05.11.2018 09:20

 Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары салық заңнамасындағы өзгертулер бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізуде.

         Орталық базарда, сауда үйлерінде жеке кәсіпкерлер арасында семинарлар өткізіледі, онда онлайн фискалдық деректерді беру функциясы бар кассалық-бақылау машиналары мен POS-терминалдар,  «Чекті талап ет- жүлде ұтып ал!» акциясының шарттары және басқа да жаңалықтар түсіндіріледі.

         Шараларға Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Өмірзақ Бейіспеков, түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кассалық-бақылау машиналарын тіркеу бөлімінің басшысы Валентина Попович және басқа да қызметкерлер қатысты.

         Іс-шаралар барысында баяндамашылар жеке кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді және буклеттер мен кітапшалар таратты.