Date of publication: 12.11.2018 16:38
Date of changing: 12.11.2018 16:41

Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» IX облыстық спартакиадасының волейбол бойынша жарыстары өтті.

Спартакиада тоғыз қумалақ, волейбол, үстел теннис, оқпен ату, шахмат, жүзу, футбол, шаңғы жарысы спорт түрлері бойынша  өткізіледі.

Волейбол бойынша жарыстарында 12 команда қатысты.

Мәмілесіз ойындар нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілдері сенімді жеңіске қол жеткізді, екінші орында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің қызметшілері, ал үшінші орында облыстық әкім аппарытының құрама командасы.

Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.

Жеңімпаздар командасының капитаны посткедендік бақылау бөлімінің бас маманы Сәкен Жұрұмбаев осындай шараларды өткізу салауатты өмірдің салттың насихаттауға және дамуына жол беретіндігі туралы атап кетті.

Спартакиаданың келесі спорт түрі үстел теннисі ағымды жылдың 15 қарашасы өтеді. 

Әрине жеңімпаздарды құттықтаймыз!