Date of publication: 16.11.2018 18:18
Date of changing: 16.11.2018 18:19

 Ағымдағы жылғы 21 мамырынан бастап  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының қолдауымен Мемлекеттік кірістер Комитеті «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»  акциясын өткізілуде.

Оның мақсаты азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

 Осы жылғы акция «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы  арқылы өткізіледі.

Бұл мобилді қосымша таза қазақстандық өнім болып табылады. Отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

 Іс-шара ағымдағы жылғы 21 мамыр мен 30 қараша аралығында өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.  Қазан айында Ақмола  облысынаң  42  мыңнан астам чек бағытталды.

Қазан айының қорытындысы бойынша ұтыс Ақмола  облысы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  департаментінде өтті.

Ұтыс жеңімпаздары  - Аршалы кентінің тұрғыны Людмила Бажанова  (жүлде – турістіқ газ плитасы),    Степногорск  қаласының  тұрғыны Елена Ларкина (жүлде – блютуз караоке микрофон) және Көкшетау қаласының  тұрғыны Карина Жакишева (жүлде – Redmond  мультифункционалдық ас пісіргіш аспабы) сыйлықтармен марапатталды. 
Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыс қалаларында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанында құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссиялар құрылды.