Date of publication: 29.12.2018 12:52
Date of changing: 29.12.2018 12:53
Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Әсіресе бұл мерекені балалар күтеді, өйткені оларға Аяз Ата көптеген қызықты сыйлықтар әкеледі.

Өтіп бара жатқан жылдың соңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жақсы игі дәстүр бойынша Зеренді ауданының Қызыл таң ауылының мектебіне жаңа жылдық сапармен барып окушыларды келе жаткан мерекесімен құттықтап және көптеген жаңа жылдық сыйлыктар табыс етті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп жариялады.
Болашақта біздің қамқоршы балаларымыз үлкен, қуатты, интеллектуалды адамдар болып Қазақстанның болашағын қамтамасыз ету үшін барынша күш-жігерін салады деп сенеміз – дейді Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Ирина Субботина.

 Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев балаларға жаңа жылда оқуда озат болуларын, спорттық және тағы басқа жетістіктерді тіледі.

Атап айтсақ ауыл мектебінде өзін іске асыруға барлық жағдайлар жасалғаның атап өткен жөн: би студиясы, халық инструменттерінің оркестрі, бокс, шахмат, «тоғыз құмалақ» халықтық ойынының, волейболдың және спорттын басқа да түрлерінің  үйірмелері бар.

Мектеп директоры Серік Құдайберген үстаздар және ауыл тұрғындарының атынан қамқоршыларға алғыс білдірді.

Шара барысында жасыл шыршаның айналасында балалар ертегілер кейіпкерлері мен және клоундармен би, ән шырқап, ойындар ойнады.

Жаңа жыл баршамызға мол қуаныш әкелсін!