Date of publication: 11.04.2019 15:00
Date of changing: 22.04.2019 16:08

Көрсетілетін қызметтердің сапасын, тиімділігін арттыру мақсатында  алкоголь өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларын және темекі бұйымдарына акциздік маркаларды беру жөніндегі қызметтерді аутсорсингке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкноттық фабрикасы» РМК-ға (бұдан әрі – Банкнот фабрикасы) беру ұсынылды.

Қағидада есепке алу-бақылау маркалары және акциздік маркаларды жасап шығаруды және оларды жеткізуді және алушыларға беруді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және алушылармен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асыратыны көзделген.

Банкнот фабрикасымен 2019 жылғы 1 мамырдан бастап темекі өнімдеріне акциздік маркаларды беру жүзеге асырылатын болады, ал алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі – ЕБМ) 2019 жылдың 1 шілдесінен.