Date of publication: 13.06.2019 08:53
Date of changing: 13.06.2019 08:54

 «РИО» ойын сауда орталығында және орталық базар аумағында он лайн деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға кезең-кезеңімен көшу іс-шаралар жоспарына сәйкес Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынның қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Шынар Абай және өңірлік кәсіпкерлікті қолдау орталығының өкілдері Аслан  Мереке  мен Әйгерім Башимова кәсіпкерлерге түсіндіру-кеңес түрінде көмек көрсетті.

Шара барысында «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыс өткізіліп, басқа да қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап  8 тамызға дейін  «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясы өткізілуде. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті   «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы

фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізуде.

Акция кезінде Қазаұстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тәркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz  сайтынан көруге болады.