Date of publication: 23.08.2019 09:41
Date of changing: 23.08.2019 09:43

«Ko`kshe» телерадиокомпаниясының  жаңалықтар блогында тілші Роза Мантаеваның  «Салықтық рақымшылық»  тақырыбы бойынша сұрақтарыға  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы  Шынар Мусина сұхбат берді.

Салықтық рақымшылық жалғасуда.  Негізгі қарызды төлеген кезде пайыздар сомасы жеке және заңды тұлғалардан алынады. Алайда бұл мүмкіндік осы жылдың 31 желтоқсанынан кейін өз күшін жоютын болады.

Облыс бойынша 1849 шағын және орта бизнес субъектілері салықтық рақымшылыққа кіреді, оның ішінде 1691 кәсіпкер осы мүмкіндікті пайдасына жаратып, үш жүз миллионнан астам теңге төлеген. 50 миллионға жуық айыппұл есептен шығарылды. Өңірдің кез-келген тұрғыны жылдың соңына дейін салықтық қарызын төлей алады.  Мамандардың айтуынша, 55 мың жеке тұлғаның 380 миллион теңгеден астам қарызы бар.  Мойныңыздағы борыш сомасын  мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе электронды үкімет порталы арқылы біле аласыз.

Азаматтардың екі санатына салықтық рақымшылық жасалады.  Бұл салық міндеттемелерін орындамаған жеке тұлғалар (көлікке, жерге және басқаларға төленбеген салық). екінші санаты - бұл жеке кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркелмеген, салықтық қарыздары бар жеке тұлғалар. 2018 жылғы мүлік пен жер салығы рақымшылыққа енбейтінін ескерте кетейін.

Бағдарламанының толық нұсқасын  https://kokshetautv.kz/kz/news/society/salyktyk-rakymshylyk-zhyl-ayagyna-deiin-zhalgasady сілтемесі бойынша көре аласыз.