Date of publication: 23.08.2019 10:41
Date of changing: 23.08.2019 10:45

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған «Мейірімділік айы!» акциясына белсенді түрде қатысты.

    Дүние жүзінің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде кем дегенде бір рет қан құйдыртуға мәжбүр болады екен. Сондықтан да, қазіргі күні донорлардың көп әрі белсенді болғаны аса маңызды. Жалпы, ауыр жарақат алған жағдайда, қан аурулары, оның ішінде қан жоғалту, ота жасату және жоғары дәрежедегі күйік шалған сәтте көбінесе донорлардың көмегіне жүгінуге тура келеді.

    Департамент ұжымы акцияға жиі қатысуда сонымен қатар бұл мәселені өте маңызды және өзекті деп санайды.

    Дәрiгерлiк санаққа сәйкес, қанды жиі тапсыратын  адамдар инфарктілерден, жүректiн ишемиялық ауруынан әлдеқайда сиректеу аурады.

    Мамандардың айтуынша, ерікті түрде қан тапсыруға келетіндердің қатары да жыл санап артып келеді.

 

Нұрлан Ысқақов

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің баспасөз қызметі