Date of publication: 12.03.2015 12:48
Date of changing: 01.04.2015 12:50

Ұлт көшбасшысы «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Жолдауында: «Біз түрлі салт-дәстүрлері бар көп конфессиональды қоғам болып табылатындығымызды мақтан тұтамыз, бірақ біз өзге ұлттың да салт-дәстүрі бар қоғам екенімізді ұмытпауымыз керек»,- деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылы болып жарияланды. 20 жылда Ассамблея қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне,   барлық этностардың өзара байланысын қамтамасыз ететін  әрекет алаңына айналды.Бұл жылдың басты идеясы - «Менің елім- Мәңгілік Ел».

Осығын орай «Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасының шеңберінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов  халық достығы - мемлекеттік тірегі болып табылады деп өз салтанатты сөзінде айтты.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің саяси биілігінің арқасында, біздің елімізде әлемнің түпкір-түпкірінде кеңінен мойындалған қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің бірегей қазақстандық үлгісі қалыптастырылды.

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім – Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы басты құндылықтарға айналды. Олар жаңа Қазақстанды қоғамның дамуы қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің негізінде ғана жүзеге асырылатын  ел ретінде құрды.

Жыл сайын салық түсімдері көбейді салыстырғанда 2010 жылда 57,3 млрд. Болса  2014 жылы 83 млрд. салық түсімі дейін көбейді. Бұл жетістіктерге біз көп ұлттық ұжымыңыздың татұлық және бірліктің арқасында жеттік.

Депараментінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, ингуштар, украиндықтар, поляктар, белорустар, балкарлар, әзербайжандықтар және тағы басқа ұлт өкілдері бірлесе жұмыс атқаруда. Салтанатты сөзбен этномәдениет орталықтарының басшылары Светлана Корнеева, Назим Абыоглы және салық органдарының ардагері Теңбай Ибраев сөйледі. Польшадан келген волонтер пани Марта «Сұлу Қыз» атты белгілі поляк халықының өлеңін айтты.

Қонақтар Қазақстан Республикасының тұңғыш Презмденті, Мемлекеттік рәміздер, облыстық «Қайырымдылық»  акциясы,  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бейнефильмдерді көрді.

Мол дастарханда ұлттық тағамдар болды. Көрермендер департаменттің қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.

   Кештің соңында жақсы тілектерімен Достық Кітабы Ақмола обысының Денсалық cақтандыру басқармасының орынбасары Бибігүл Иманкұловаға  тапсырылды.

/Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі/