Date of publication: 13.03.2015 12:29
Date of changing: 13.03.2015 12:31

Қазақстандықтар үшін Электрондық үкіметтің жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Енді ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болады.

 

eGov.kz мобильдік қосымшасы Қазақстан халқын қол созым жерде электрондық үкімет порталының ең танымал қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құрастырылған. Қосымша Android пен iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар үшін қолжетімді.

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасының жетекшісі Дәулет Бекмановтың сөзінше, «жаңа қосымшада 50 қызмет және «мобильдік жеке кабинет» қолжетімді. Жеке кабинетте әр азамат өзі туралы мемлекеттік деректер қорларында сақталатын дербес мәліметтерін ала алады.  Ағымдағы жылдың аяғына қарай мобильдік форматқа тағы 20 жаңа қызметті ауыстыру жоспарланған».

«Мобильдік жеке кабинетте» азаматтың орналасқан жері, тұрғылықты және тіркелген мекен-жайы, заңды тұлға құрамына кіру, некеге тұру, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоқтығы, сонымен қатар қолда бар жылжымайтын мүлік немесе көлік туралы және т.б. ақпараттың орналасқандығын атап айту керек.

Егер телефонда электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, азамат мекен-жай анықтамасын, жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпаратты, туу және некеге тұру туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы  туралы ақпаратты ала алады. 

«Жаңа қосымша «Мобильдік үкімет» жобасының аясында құрастырылды. eGov.kz қосымшасы мемлекеттік органдардың қызметтерін пайдалануды ыңғайлы және жедел  деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Қосымша арқылы сіз өзіңіз туралы барлық ақпаратты табасыз, керекті анықтамаға тапсырыс бересіз және белгілі бір құжатты ауыстыру қажет болғанда PUSH немесе SMS-хабарлама аласыз» - деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.      

Сонымен қатар жаңа қосымша тұрғын үйге кезек реті мен техникалық қараудан өту мерзімін қарау, лицензиялар мен чектерді тексеру, ХҚКО-на кезекке тұру және дәріханаларды іздеу сияқты сервистерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қосымша көмегімен пайдаланушылар коммуналдық қызметтерді, салықты, айыппұлдарды, баж салығын, байланыс қызметтерін төлей алады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарды толтыра алады.  

 Естеріңізге салсақ, қызметтерді мобильдік форматқа ауыстыру Президентпен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі.