Date of publication: 20.05.2020 10:49
Date of changing: 20.05.2020 10:50

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 238 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды.

Осы бұйрық 11.05.2020 жылы қолданысқа енгізілді.

Бұйрықтың  толық мәтінімен, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің Ақпаратты-құқықтық жүйесінде танысуға болады.