Date of publication: 20.06.2016 11:27
Date of changing: 20.06.2016 11:28

   Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 сәуіріндегі №506-V Заңымен Қазақстан Республикасынын «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы Кодексіне (салық кодексі) Қазақстан Республикасынын «жасыл экономикаға» өту сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді.

   492 бабының 4 тармағына «Қоршаған ортаға эмиссия төлемі» өзгерістеріне сәйкес 2 және 3 бөлімдерімен толықтырылып келесідей мазмұндалған:

   Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-  інен кешіктірмей табыс етеді.

    Өндіру және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтау туралы (көлемі, орнатылған уақытша сақтау уақыты, орналастыру мерзімі)қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттары уәкілетті органның аумақтық органдарыорналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарынаесепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-  інен кешіктірмей табыс етеді.

Өзгерістер бірінші жарияланған күннен бастап  60 күнтізбелік күннің ішінде күшіне енеді.
(2016 жылғы 30 сәуірінде "Казахстанская правда" газетінде жарияланды).

 

Ақмола облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті