Date of publication: 06.04.2015 15:16
Date of changing: 06.04.2015 15:29

      

   2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында ерікті түрде шот-фактураларды рәсімдеуді электрондық жүйеде жүргізу мүмкіндігі ендірілді. Электрондық шот-фактура жүйесінқолданутегінжүзегеасырылады. Шот-фактураны электрондық түрде жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. Электрондықшот-фактураныжазу ҚР Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитеті оператор болып табылатын электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүзеге асырылады.  

   Бір шот-фактураны қағазтасығышта да, сондай-ақ электрондық түрде де жазып берген жағдайда, түпнұсқа (төлнұсқа) болып ЭШФ АЖ-ға қамтылған құжат табылады. ЭШФ-нің қағаз тасығышта немесе электрондық түрде көшірмелері болуы мүмкін.

ЭШФ-ны жазудағы артықшылықтар

  • Қағаз тасығышта шот-фактуралардың  жазып беру мерзімі 7 күнболса,  ЭШФ жазып беру мерзімі  15 күнге ұлғайтылған.
  • ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.
  • Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.
  • Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ныбасқару мүмкіндігі.
  • Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07).
  • Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.08).
  • Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.
  • Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақсатыпалушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен тез алмасу мүмкіндігі.
  • Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.
  • Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).
  • Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болыпта былған жағдайда, ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді.