Date of publication: 15.04.2015 15:27
Date of changing: 15.04.2015 16:38

КҰлы Отан Соғысы Жеңіс күнінің 70-жылдығы және Қазақ Хандығының құрылуының 550- жылдығы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің  құрылуы күнін мерекелеу құрметіне орай Бурабай курортындағы «Жақсы» спорт кешеніңде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының бірінші спартакиадасының аймақтык туры өткен болатын.

Спартакиаданың басты мақсаты ұжымды және қызметкерлерді біріктіру, ұлтжандылықты және рухани өсіру, саламатты өмірдің салттың насихаттау, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің зиянды әдеттерін болдырмау.

Бұл спорттық ойындарына Ақмола, Костанай, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментері, Оқу-Әдістемелік орталығы мен Орталық Кеден зертханасының қызметкерлерінен кұрылған  командалар қатысты.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Донбаев, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы бас директорының орынбасары  Арман Тәшметов, Олимпиада ойындары жүлдегері (WTF) таеквондо бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Арман Чилманов, мемлекеттік кірістер органдарының әрдагерлері  Теңбай Ыбраев, Мария Шкабара және Төлеген Қожахметов қатысты.

Жарыстар волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат,  «қазақша-күрес», жауынгерлік қарудан ату түрлерінен өтсе, ал «Әке, ана және мен-спорттық жанұя» байқауы қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында ерекше әсер қалдырды.

Жарыстар жоғары деңгейде өтті олардың нәтижесінде үздіктері аңықталды.

Сондай-ақ, мини-футбол жарысына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінен құралған құрама топ бағын сыңады.

Командалар жеңіске жету үшін ыңтымақтастықты көрсетті.

Жауынгерлік қарудан атудан және  ерлер арасындағы волейболдан Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) бірінші жүлделі орынға қол жеткізді.

Ал әйелдер арасынан волейболдан және шахматтан Қарағанды құрамасы ерекшеленді.

«Burabay CUP» мини-футбол турнирі шеңберінде және үстел теннисі бойынша Астана қаласы бойынша МКД жеңімпаз атанды.

«Қазақша-күрес» ұлттық күресі бойынша салмағы 68 кг дейін - Мейрам Қасымбеков (Ақмола облысы бойынша МКД), салмағы  74 кг дейін - Мирас Мұратов (Ақмола облысы бойынша МКД), салмағы  82 кг дейін – Дүйсен Сұлейменов (Астана қаласы бойынша МКД),   салмағы 90 кг дейін - Бекзат Әбдірахманов (Қарағанды облысы бойынша МКД), салмағы 90 кг жоғары - Өркен Зұлхарнаев (Астана қаласы бойынша МКД) жеңімпаз атағына ие болды.

«Әке, ана және мен-спорттық жанұя» байқауында  «Үздік спорттық жанұя» атағына Қойшыбаевтар отбасы атанса (Қарағанды облысы бойынша МКД), ал «Ең белсенді жанұя» атағы  Козачек отбасына бұйырды (Ақмола облысы бойынша МКД), «Ең көңілді жанұя» атағына Аралбаевтар жанұясы иеленді (Оқу-Әдістемелік орталығы), «Ең тату жанұя» атағы бойынша  Құсдәулетовтер отбасы жеңіске жетті,

«Көрермендер көзайымы сыйлығы»  Жүніс отбасына табысталды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші жалпы командалық орын - Қарағанды облысы бойынша МКД, екінші орынға - Астана қаласы бойынша МКД, үшінші орын Ақмола облысы бойынша МКД берілді.

     Жарыстардың жабылу рәсіміне қатысқан Ақмола облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы  Анатолий Дермановский осындай шаралардын өткізілуі салауатты өмір салтың насихаттауға және дамуына жол беретінің өз кезегінде атап өтті.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов жеңімпаздарға  дипломдар мен сыйлықтарды тапсыра отырып, олардың Жеңіс күні қарсанында өтетін қорытынды мәре жарыстарында біздің аймақтың абыройын дәл осыңдай биікте ұстайды деп өз үмітін артты.