Date of publication: 12.03.2024 18:30
Date of changing: 12.03.2024 18:32
Іссапарды, туысқандарға немесе туристік сапарға баруды жоспарлар алдында  билетті сатып алғанға дейін, қонақ үйден орын алғанға дейін нақты факторлардың болуы/болмауы туралы ойланған жөн.
Елден тыс шығудан бас тартудың басты себебі атқару құжаттарын орындамау, борыш, қарыз болып табылады. 
Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша 162 мың  көлік иелері бар.
27 мың 139 ақмолалықтардың жалпы сомасы 389,6  млн.теңгені құрайтын көлік салығы бойынша берешегі бар.

1 сәуірден кейін төленбеген жағдайда әрбір күн үшін өсімпұл алынады. Салықтөлеушіге автоматты түрде хабарлама жіберіледі, егер ол 30 күн ішінде орындалмаса, салық бұйрығы шығарылады.

 Салық хабарламасын орындамаған жағдайда берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен  асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберіледі. 

Қарыз толық өтелгенше сот орындаушысы жеке тұлғаның барлық шоттарын бұғаттайды.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. 

Осыған байланысты, азаматтардан қарыздың жоқтығына көз жеткізуді ұсынамыз.

 Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. 

 

Салық бойынша берешек сомасын «Е Салык-Азамат» мобильді қосымшада 
/ Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу/, сондай-ақ «@SalyqBot» Telegram чат ботында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан есептей аласыз немесе 1414 байланыс орталығы білуге болады. 

 

Елден шығуға тыйым салынған кезде  жағымсыз оқиғаларды болдырмау үшін сіз өз міндеттемелеріңізді алдын ала тексеруіңіз керек.