Date of publication: 24.07.2017 16:02
Date of changing: 24.07.2017 17:03

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде осы жылдың жарты жылдың  қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өткізілді.

Өткізген жұмыс қорытындысы бойынша  жоспар 107.2% орындалып мемлекеттік бюджетке 54 млрд. 079 млн. теңге түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 1 млрд. 592 млн. теңгеге артып түсті, немесе қарқын өсуі 103,% құрады.

Кедендік төлемдер мен салықтар орындалу жоспары 110,2%құрайды, жоспар бойынша 5 851 млн. теңге, нақты түскені төлемдер сомасына 6 449 млн. теңге.

Мемлекеттік қызмет көрсету, камералдық бақылау, берешекті өндіріп алу, кедендік блог қызметінің жарты жылдық қорытындылары және экономикалық тергеу қызметінің, Ақмола облысы Әкімімен бекітілген 2017-2020 жылдарға Ақмола облысы мемлекеттік кірістер түсімдердін арттыру Жоспарын орындау жұмыс қорытындысы бойынша Кеңес шегінде сұрақтар қарастырылды.

Кеңесте жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.

Департамент басшысы Таукен Ошақбаев жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.

Кеңес соңында көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету,  салықтық және кедендік әкімшілік құралдарын жетілдіру, бизнес шығындарды азайту сияқты салаларды жүзеге асыру және тағы да басқалар.

 

Ақмола облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы

Управление разъяснительной работы ДГДпо Акмолинской области