Date of publication: 01.02.2018 10:49
Date of changing: 01.02.2018 10:50

Ұлттық Банктің аймақтық бөлімшеде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Дәурен Шағатаев және Қайрат Ерденев салық заңнамасындағы өзгерістер туралы айырбастау пункттерінің өкілдеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тіркелген салық төлеушілері тұлғалар деп санылады,  банктерді қоспағанда.

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері

-       Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті - 1-ден 20-ке АЕК дейін.

-       Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты  қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде  орналасқан айырбастау пункті 10-дан 50-ке АЕК дейін.

-        Уәкілетті ұйымның Астана немесе Алматы қалаларында орналасқан айырбастау пункті - 30-дан 100-ге АЕК дейін.

 Бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде жергілікті өкілді органдар бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілейді.

Тіркелген салық есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың
25-күнін кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.

      Тіркелген салық бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.