Date of publication: 06.03.2018 16:06
Date of changing: 06.03.2018 16:07

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінде  жауап алу үшін арнайы бөлме ашылды. Аталмыш бөлме компьютерлік техникамен және  бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.

Халықаралық міндеттемелерді, азаптауға қарсы оның ішінде БҰҰ Комитетінің талаптарын ескере отырып, құқық қорғау органдары жүйесін жаңғырту және құқық билігі саласындағы реформаларды жүзеге асыру бойынша бағдарламалық тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен бұдан бұрын «Қоғамға азапсыз» атты жоба ұсынылған.

        Жоба талаптарының бірі болып қылмыстық қудалау органдарында күдікті, айыпталушы мен ұсталған және күзетпен ұсталған тұлғаларды тергеу үшін бөлек «ашық» және бақылай алатын бөлмелердің бар болуы бәріне мәлім.

        Аталған талаптын аясында қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын сақтау, күзетпен ұсталған тұлғаларға, күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты тергеуге дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің заңсыз әдістерін қолдану фаткілерінің болдырмауы мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің жұмысында басымдылықтың бірі болып табылады.