Date of publication: 05.07.2018 11:52
Date of changing: 05.07.2018 11:53

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Астана күніне арналған шаралар  экономикалық тергеу қызметінде сап шолуымен басталды.

Содан кейін мәжіліс залында үш құрылымдық бөлімшелер қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Биыл  Қазақстаннын бас қаласы  20 жылдық мерей тойын өткізуде – дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев .

 Елорданы солтүстікке көшіру елдің дамуына қуатты серпін болып, экономиканың өсуіне ынталандырды.

Елорда - әрбір ұлттың негізі. Қазақстан үшін ол Астана қаласы болды.  Жыл сайын мегаполике  көптеген туристер келеді, шетелдік қонақтар оған жылы лебізін айтады. Мемлекет басшысы елорданы қалыптастыру мен дамытуда жетекші рөл атқарғаны туралы атап өтужөн.

Жас жасына қарамастан, астананың Ел басымен тағайындалған үлкен жоспарлары бар.

Мемлекеттік кірістер органдарының  ардагері Доскен Шерьязов «Астана – Қазақстаннын елордасы»  баяндама жасады.

Экономикалық көрсеткіштер бойынша Астана қаласы Алматыдан кейін екінші орында түр. Экономиканың негізгі салалары көлік және байланыс, құрылыс және сауда.

Астанада бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалды. «Астана –жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын  құру инвестицияларды тартуға көмектесіп, бәсекеге қабілеттілік  жаңа өндірістер құруға әсер етеді.

Шара барысында Департаментінің қызметкерлері үлкен қызығушылықпен «Астана» атты бейнефильм көріп тамашаланды.

Мереке қарсанында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстық мекемелер арасында Астана күніне арналған спорттық жарыстарға қатысып, жақсы дәрижегі ие болды.  

Шараның соңында естлік фотосуреттер түсірілді.

Мереке қутты болсын!!! Астанамыз өркендейберсін!!!