Date of publication: 16.08.2018 18:12
Date of changing: 17.08.2018 16:53

   Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың  бірінші жартыжылдығының  қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өткізілді.

Өткізген жұмыс қорытындысы бойынша  жоспар 105.3% орындалып мемлекеттік бюджетке 77  млрд. 702 млн. теңге түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 23 млрд. 624 млн. теңгеге артып түсті, немесе 143,7 %.

    Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 4 мың 897 тауар декларациясы ресімделген, олардың ішінде 2623 экспорттық декларациялар, 1886 импорттық декларациялар және басқа процедуралар бойынша – 388 тауар декларация рәсімделген.

Өткен жылмен салыстырғанда экспорттың өсуі 782 декларацияға, және 229 декларацияға импорттың төмендеуі байқалады.

Экономикалық тергеу қызметімен қылмыстық істер бойынша 241млн. 130 мың теңге залал өтелді.

Алайда, жылдық жоспардың табысты орындауы қосымша резервтерін анықтау шараларын жүзеге асыруге байланысты деп айтылды.

 Кездесу барысында сондай-ақ, Департаменттің рейтинг көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмысы қаралды.

Аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларын жұмыстары, кедендік төлемдерінің және салықтардың түсімі, мемлекеттік қызмет қөрсету, салық борышты жинау бойынша және басқа да мәселелері талқыланды.

Кеңесте жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.

Департамент басшысы Таукен Ошакбаев жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.

Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде жартыжылдық болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету,  салықтық және кедендік әкімшілік құралдарын жетілдіру, бизнес шығындарды азайту сияқты салаларды жүзеге асыру және тағы да басқалар.