Date of publication: 17.08.2018 16:40
Date of changing: 17.08.2018 16:45

Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына міндеттілігі, айқындылығы, салық салудың әділдігі, салық төлеушінің адалдығы, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары жатады.

Салық төлеуші – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімдерде салықтық міндеттемені орындауға, салық агенті салықтарды есептеуге, ұстап қалуға және аударуға міндетті қағидасының бірі болып саналады. Бірақ, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың біразы бұл қағиданы басшылыққа алмайды.

Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлердің кірісін толығымен көрсету үшін, сонымен қатар бақылау-кассалық машиналардың жұмыс істеу мен карточкаларды қолдану бойынша төлем үшін құрылғының тәртібін бақылауды нұсқаулықтар негізінде салық тексерістер өткізді.

Іріктелген тексерістер үрдісінде мынадай кемшіліктер орын алды, мәселен, сатып алушыларға түбіртектің берілмеуі, сонымен қатар posтерминал арқылы төлем карточкасын қолдана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін арналған  құрылғылардың болмауы анықталды.

         Сонымен қоса, тексеріс барысында Көкшетау қаласының жалпы тамақтану бөлімінде кассада 85 мың 125 теңге анықталды, ал анықталған сомма бойынша түбіртек берілмегендігі, яғни кассалық аппаратының мүлдем қолданбағандығы, осыған орай түбіртектердің де басылмағандығы анықталды.

Сауда үйінде «Х» щұжық өнімдерін өткізу бөлімінде түбіртектің 165 мың 341 теңгеге айырмашылығы анықталды, яғни аталған кәсіпкердің кассалық тәртібінің жүргізілмеуі анықталды.

Одан басқа, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кафе «А» хронометраждық тексеріс өткізілді. Тексеру барысында күніне орташа кірістің көлемі  203 мың 068 теңгені құрады,  ал хронометраждық тексерістің барысында 66 мың 068 теңгені құраған, яғни кіріс 3 есеге үлкейгені байқалды. Әкімшілік заңнамаға сай заңды бұзғандар әкімшілік жазаға тартылды. 

Қазақстан Республикасының заңнаманың бұзылуы бойынша жылдың басынан бастап 21 тексеріс барысында алкогольдік өнімдер мен этил спиртінің айналымы мен өнімін мемлекеттік реттеу бойынша өткізілді. Оның 21-і бұзушылық фактілері анықталды, одан 56 167,8 литр көлемінде алкогольдік өнім тәркіленіп, 3,2 млн соммасына айыппұл салынды.

2018 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, ол адал салық төлеушілердің жағдайын қорғау мен кәсіпкерліктің ісін жақсартуға бағытталған.

 Бүгінгі таңда елімізде бизнесті қолдауға көптеген шаралар жасалып жатыр. Бізде кәсіпкерлерге кірістен ең төмен 2% және 3% пайызды ставкалар, өткен жылға қарағанда салық тексерістер үш есеге төмендетілген, мүлік пен жерге салынатын салықтар келесі жылға төлеу мерзімдері ауыстырылды.     Жоғарыда аталып кеткеннің негізінде, сонымен қатар тексеріс өткізілген үрдісте шыққан бұзушылықтар бойынша адал салық төлеушілерге алда жұмыстарын жүзеге асыруларына, әрі салықтарын төлеуге  жеңіл болатынына сенімдімін. 

Айта кету керек, салықтық заңнамасын бұзған бұзушылықтар бойынша анықталған салықтық тексерістер мен хронометраждық тексерістерді Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде жүргізіп отырады. Сондай-ақ,  фискалды жадымен бақылау-кассалық машиналарын қолдану ережелесін бұзған жағдайда, пост-терминалдың болмаған жағдайында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапқа тартылатын болады.  

Сондықтан, Көкшетау қаласының құрметті салық төлеушілері айыппұлды болдырмау үшін, салық міндеттемелерін мерзімінде ҚР Конституцияның 35 бабына сәйкес әр адам міндеті мен борышын уақытылы орындауларын айтамыз.

.

 

Батырхан Каримов

Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы